Реферат: Жапония
Название: Жапония Раздел: Исторические личности Тип: реферат |
Жапония Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады. Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді. Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан. Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы. Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің «алғашқы ондығын» аяқтайды. Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды . Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады. Жапония халқының ұ л т т ы қ қ ұ р а м ы мүлде бірыңғай. Бұл – типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды. Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі жапон жазуының жүйесі де өте күрделі. Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар: синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден қояды. Жапония – балаларды ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлетін бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай сауатты ел. Жапонияда университеттердің саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан көп. Бұл ел – байырғы мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін берік сақтаған, жапондық өмір салты дейтін түсініктің құрамына енетін ежелден келе жатқан мәдениеттті ел. Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі – қоршаған ортаны , ағаштар мен гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі адамдардың бойына бала жастан сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін, күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір осылардың бәрі батыстан елес бере бастады. Х а л ы қ т ы ғ ы з д ы ғ ы н ы ң орта есебі бойынша (1 км2 –ге 340 адамнан) Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын мәнінде мұнда халықтың тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі халық түгел дерлік жағалық ойпаттар мен өзен аңғарларында шоғырланған. Жапония соңғы онжылдықтарда у р б а н и з а ц и я қарқынының өте жоғарлығымен ерекшеленеді. Осы көрсеткіштің нәтижесінде ол дүние жүзінде алғашқы орындардың біріне шықты. Елде екі жүзден астам үлкен қала бар. Қаланың жапондық үлгісінің көптеген өзіне тән сипаттары бар. Қалалардың көбі орта ғасырларда феодалдық сарайлардың, монастырьлардың, пошта жолдарының төңірегінде пайда болған. Олар өзінің құрылымдық формасы мен бір және екі қабатты құрылысын әлі күнге дейін сақтап келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген үлкен қалалар «американдыруға» ұшырады: олардың орнына банкілер, монополиялардың штаб – пәтерлері орналасатын көп қабатты үйлер пайда болды. Алайда, бір ерекшелігі – жапон қалаларында бірыңғай іскерлік орталығы жоқ. Атап айтқанда, қазір халықтың негізгі бөлігі үлкен қалалар мен қалалық агломерацияларға шоғырлануда. Олардың ірілері Хонсюдың оңтүстік жағалауын бойлап үзіліссіз тізбек түрінде созылып жатыр. Олардың ішінде Токио, Осаки және Нагой қалаларының айналасына шоғырланған «үлкен үштік» агломерациясы ерекше көзге түседі. Қалай болғанда да, Жапония Токиодан басталады деп тегін айтпайды. Т о к и о – Жапон аралдарының ішіндегі ең үлкен Канто жазығында орналасқан дүние жүзіндегі аса ірі қала. Ол 1869 жылы елдің астанасы болды және «Шығыс астана» дегенді білдіретін осы атауына сол кезде ие болған. Өзінің тым ретсіз салынуымен ерекшеленетін Токио - дүние жүзіндегі ең халқы көп қалалардың бірі. Ол жоғарыға да (жер сілкінісіне төтеп берерлік 50-60 қабатты үйлер), төменге де (жер асты сауда орталықтары), жан – жағына қарай да өсіп барады. Осаки мен Нагой агломерациялары қасындағы Токионың басқа да агломерацияларымен тұтасып, бұрынғылардан да ірі «галактиканы» - жағалауды бойлау 600-700 км-ге созылып жатқан Токайдо мегаполисін дүниеге әкелді. Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км2 –ге 800-1000 адамнан келеді, ал ондағы адамның жалпы саны 55 млн-ға жетеді, бұл, мысалы, Италияның бүкіл халқының санымен салыстыруға болады. Шаруашылығы: XXI ғ-ға барар жолда. 50 – жылдардан бастап ширек ғасыр бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты. Жапония дүние жүзіндегі ең басты несие беруші елге айналды. Елде экономикалық өмірдің барлық саласында түбегейлі қайта құрулар елеулі дәрежеде жүзеге асырылды, постиндустриялы қоғамның негіздері жасалды. Жапонияның ө н е р к ә с і б і алғашында негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия, құрылыс өнеркәсібі сияқты базалық салалар импорттық шикізат арқылы қайта құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа жетістіктерімен жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайға бейімделіп құрылды. Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың ортасында өнеркәсіп дамудың революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді отын мен шикізатты қажет ететін өндірістерді (қуат көзі мен металға қатысты болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға тікелей қатысатын салаларды барынша көбейте бастады. Ғылым электроника, жұмыс техникасы, биотехнология салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып есептегендегіден асып түседі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығын да түбірімен қайта құруға тура келді. 1929 жылы Н.И. Вавилов осы елге жасаған сапарынан кейін өзінің «Пять контингентов» дейтін кітабында былай деп жазды: «Жапониядағы егіншілік өзінің өнімділігімен таң қалдырады. Орталық және Оңтүстік Жапонияда жердің әрбір кішкентай пұштағы жете пайдаланылған». Әрине, қазір дәстүрлі шаруашылықтағы өнімді еңбек әлі сақталып отыр. 40-жылдардың аяғындағы аграрлық реформадан кейін помещиктік жер иеленушілік жойылып, жер шаруалардың меншігіне берілді де, негізгі өнім өндірушілер фермерлер болып шықты. Ауыл шаруашылығының құрылымы да өзгерді. Жапония әрқашан да таза егінші ел болатын. Егістік жердің тең жартысын алып жататын күріш бұрынғысынша дәнді дақылдардың ішіндегі жапондардың негізгі наны болып қала берді. Бау – бақшамен айналысу, мүйізді ірі қара мал (сиыр), шошқа, құс өсіру жақсы дамыды. Жапондардың тамақтану рационы еуропалық және американдық рационға жақындай түсті. Жапондық шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы – балықшылық. Балық аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде 3 мыңнан астам балық аулау аймағы бар. Теңіз жағалауының жануарлар дүниесі мол және әр алуан болуы тек балықшылық қан емес, теңіз өнімдерін дайындауды дамытуға да мүмкіндік берді. Балық пен теңіз өнімдері жапондардың азықтық рационында үлкен орын алады. Сондай-ақ онда інжу-маржан кәсібі дамыған. Жапонияда өзен қатынасы мен құбыр тартудан басқа көлік түрлерінің бәре де жақсы дамыған. Өзінің көлік-жол торабы бойынша бұл ел Батыс Еуропа елдерін еске түсіреді, бірақ жүк, әсіресе жолаушылар тасымалдауда олардың кез келгенінен асып түседі. Ал, жолаушылар тасымалдайтын темір жолдарының молдығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Жапония сондай-ақ аса ірі және ең жаңа теңіз сауда кемелеріне ие болып отыр. Олар кеңінен қолданылады және өзінің ¾ салмағындай жүк көтеріп жүзетін «арзан көлік». Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі - өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 9/10 бөлігін сырттан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді экспорттауға төтенше тәуелді. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне үнтаспалары, калькуляторы, сағатың автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония – барлық Азия – Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Жапон бизнесмендерінің айтатын сөзі – «сауда жасау немесе өлу». Соңғы кезде бұл ел тауар экспорттаудан капатал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Азияның басқа да елдеріне бағытталған. Шаруашылығының жер аумақтық құрылымы: екі «жақты» ел. Жапония «алдыңғы» және «артқы» (немесе «күнгей» және «теріскей») дейтін мүлде әр басқа екі бөліктің өзара сәйкестенуімен ерекшеленеді. Жапонияның «алдыңғы бетін» ең алдымен Хонсю аралының жағалау – ойпаты бойынша өтетін аса кең емес (15-65 км) Тынық мұхит белдеуі құрайды. Бұл белдеу – елдің әлеуметтік – экономикалық кіндігі. Басты өндірістік аудандар Токио, Осаки, Нагой, Китакюсю, шикізат пен отынды импорттауға сүйенетін ЖЭС пен АЭС – тің, металлургиялық, мұнай өндейтін және химиялық комбинаттардың, машина жасау завоттарының басым бөлігі осы арала орналасқан. Құрылыс аландарының жетіспеуі салдарынан көптеген, оның ішінде аса ірі кәсіпорындар бүкіл жағалауды бойлай созылып жатқан теңізден «жаулап алынған» учаскелерге салынған. Тынық мұхит белдеуі Жапонияның өнеркәсіп белдеуі деген атқа ие болды, бірақ бұл мүлде осылай деп кесіп айтуға келмейді. Оның маңында өнімді ауыл шаруашылығының көптеген басты аудандары, басты-басты көлік магистральдары және елдің аса маңызды аймақтары орналасқан. Жапонияның негізгі көлік қатынасының күретамырын бүкіл Тынық мұхит белдеуін ұзынынан басып өтетін «Синкансен» жүрдек темір жол магистралі құрайды. Жапонияның «а р т қ ы б ө л і н г і н», ең алдымен шеткі аймақ деп аталатын таулы – орманды Хонсю құрайды. Бұл жерде ағаш дайындалады, мал өсіріледі. Мұнда, әсіресе курорттық демалыс пен туризм жақсы дамыған. Жапонияда адамдардың «орын ауыстыруға құмарлығы» сонша – үлкендер де, мектеп оқушылары да көпшілік болып туристік сапармен бір жерден екінші жерге үздіксіз ағылып жатады. Соңғы кезде Жапонияның мемлекеттік аймақтық саясаты бұл экологиялық жағынан таза шеткі аймақты игеруге қатты мән беріп отыр. Тынық мұхит белдеуінің жүгін жеңілдету мақсатымен барлық технополистердің жартысы – ғылым мен ғылым тікелей қатысатын өндірістердің жаңа орталықтары шеткі зона – Хонсю аралында құрылуда. Таяу уақытқа дейін шеткері қалып келген Хоккайдо аралын игеру дүние жүзіндегі ең ұзын Сейкан темір жол туннелін салуға мүмкіндік береді. Алайда, тұтастай алғандағы жер аумағының сәйкессіздіктері баяу шешілуде. |